Кинодеректер

«Қазақфильм» Орталық Азиядағы жалғыз әрі ірі киноөндіріс орталығы саналады. Бұл жерде көркемфильмдер мен деректі және анимациялық фильмдер түсіріледі. Студияның кино түсіруге арналған әрқайсы 700 шаршы метрлік меншікті павильондары бар. Мұнда операторлық рельс қолданбай түсірілім жасау мүмкіндіктері қарастырылған, «таза дыбысты» ілеспе жазу үшін толық дыбысоқшаулағыш және бар. Сонымен қатар, жарық аппаратын төрт қабатты биіктік деңгейінде қолдану мүмкіндігі мен жанды реквизиттермен түсірілім жасау мүмкіндіктері бар (қой, ат және басқа да жануарлар).

Қазақфильм

Фильмде көрсетілген барлық техниканы түсірілім командасына ҚР Ұлттық гвардиясы ұсынған. Алаңда каскадерлер болмаған, барлық трюктерді кәсіби әскери қызметкерлер өздері жасаған. Олар көпшілік қатыстырылған көріністерге жұмылдырылған.

«Алтыншы пост»

Қазақстан, 2018

«Жұлдыздар шайқасы: II Эпизод — Клондар шабуылы» мен «Гарри Поттер және Құпия бөлме» фильмдерінде бірдей саундтрек қолданылған екі көрініс бар. Бұлайша болу себебі, қарапайым қателіктен болуы мүмкін деп топшылайды сыншылар.

«Жұлдыздар шайқасы» мен «Гарри Поттер»

Олег Янковский өзінің Мюнхгаузен рөлін дыбыстағанда, «Ақылды түр жасау шын ақылдың белгісі емес» деп айтып қалады. Григорий Горин қарсы болса да, режиссер бұл сөзді фильмде қалдыруды жөн көреді. Ал әуелгі сөйлем «Салиқалы түр ақылдың белгісі емес» болатын.

«Тот самый Мюнхгаузен»

КСРО, 1980

Арсеннің рөлін сомдаған Елтеріс Нұржанов бұл рөлді кездейсоқ алған. Көпшілік көрініске қатысушыларға 30 мың теңге төлегендіктен анасы жігітті ақша тапсын деп кастингке жіберіпті. Нәтижесінде жігітті басты рөлге шақырады. Елтеріс бұлай ақша тапқанға өз басы қарсы болғанымен, анасы өтінгендіктен барғанын айтады.

«Районы»

Қазақстан, 2016

«Терминатор 2» фильмінің испандық нұсқасында Шварценеггер испан тілінде «Hasta la vista, baby» сөйлемінің орнына жапонша «Sayonara, baby» деп айтады. Прокатқа берушілер бұл сөйлем өз мағынасын жоғалтпас үшін басқа тілде болған абзал деп шешкен екен.

«Терминатор 2: Ғарасат күні»

АҚШ, 1991

Фильмде көрсетілген аққуларды Бішкектегі хайуанаттар бағынан арнайы алдыртқан. Алайда құстардың үйлесімді қозғалысын түсіру ұзаққа дейін мүмкін болмаған, олар көлде жан-жаққа қарай жүзген. Үзіліс кезінде дыбыс операторы сергу үшін музыка қосады. Осы сәтте аққулар жағаға қарай жүзіп, әуенге елітіп әдемі қозғала бастаған. Сол сәтті операторлар камераға жылдам түсіріп алады және сол кадр кейін фильмнің соңғы нұсқасына енеді.

Қыз Жібек

ҚазССР, 1972

«Ирония судьбы» фильміндегі моншадағы кадр бірінші мамыр мерекесінен кейін түсірілген. Монша ретінде «Мосфильм» дәлізіндегі баспалдақтың астындағы қуыс пайдаланылыпты.

«Ирония судьбы, или С легким паром!»

КСРО, 1975