Телеарна туралы

 

Silk Way Cinema отандық креативті индустрияның амбассадоры атануды, сондай-ақ көршілес мемлекеттермен арадағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуды және өзге елдердегі қазақ диаспора өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр.

Телеарна тәулік бойы қазақ және орыс тілдерінде контент таратады, таяу шет мемлекеттердің 10-нан астам елін қамтуға мүмкіндігі бар. Телеарна командасы эфирге танымдық, ағарту тақырыбындағы бағдарламаларды, сондай-ақ деректі және музыкалық жобаларды, телехикаялар ұсынады. Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналардың контенті және «Қазақфильм» киностудиясының өнімдері көрсетіледі.