Кинодеректер

«Тақиялы періште» киносы жарыққа шыққан соң, ауылдан қалаға келетін қазақ жастарының саны едәуір өскен;

«Тақиялы періште»

КСРО, 1969

«Один дома» фильміндегі актер Дэниел Стерннің (Марвин) бетіндегі бүйі тірі болған. Оны қорқытып алмау үшін Дэниел түсірілім кезінде айғайлаған кейіп қана танытқан, ал даусы кейінірек бөлек жазылған.

«Один дома»

АҚШ, 1990

«Титаник» филмінде Кэмерон өзінің не жайлы фильм түсіріп жатқанына көз жеткізу үшін жеке өзі мұхит астына 12 рет сүңгіп, апатқа ұшыраған лайнерді зерттеген.

«Титаник»

АҚШ, 1997

Кино тарихында кім жайлы ең көп фильм түсірілді деп ойлайсыз? Құдай туралы? Цезарь? Жауап: Наполеон Бонапарт. Ол 200-ге жуық фильмде басты кейіпкер болды, ал Иса Мәсіх 150 фильмде басты рөлге алынған.

«Война и Мир»
КСРО, 1969

Алматылық киностудияда түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық фильмінің тұсаукесері 1958 жылы 12-ші маусымда Мәскеуде дүркіреп өтті. Сценарий бойынша басты кейіпкер дәрігердің тегі әу баста Әлімжанов болған. Алайда картина режиссері Шәкен Айманов «алпысты алқымдаған қазақ азаматы отбасынсыз жалғыз қалуы мүмкін емес» деген ұйғарымға келеді. Осылайша, соғыста туыстарын жоғалтқан Лавров тегі пайда болады.

«Біздің сүйікті дәрігер»

реж.: Шәкен Айманов,

Александр Карпов, 1957, КСРО

«Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде бас кейіпкердің тегі өзгертілсе, жалпақ жұрттың көңілінен шыққан «Титаник» фильмінде бас кейіпкерге өмірде болған адамның тегі беріліпті. ДиКаприо сомдаған Джек Доусон – негізінен ойдан шығарылған есім. Бірақ кейінірек дәл сол кеменің бортында осы есімге ұқсас адам болғаны анықталған (жолаушының есімі Джозеф). ДиКаприо кейіпкеріне есім ойлап тапқан Джеймс Кэмерон өмірдегі Доусон жайлы картина түсірілімі аяқталғаннан кейін ғана естігенін айтқан.

«Титаник»

реж.: Джеймс Кэмерон, 1997, АҚШ

Кеңес көрермендеріне жақсы таныс Шуриктің де әу баста аты мен тегі басқаша болған. Сценариде жазылған алғашқы аты-жөні Владик Арьков. Алайда Госкино дүниежүзілік пролетариат көсеміне тұспалдап қойылғандай көрінеді деген шешімге келеді. Владлен есімі Владимир Лениннің қысқаша атауы. Сондықтан киногерлерге басқа есім беруге тура келеді. Осылайша бәрімізге белгілі Шурик есімі ойлап табылды.

«Операция «Ы» және Шуриктің басынан кешкендері»

реж: Леонид Гайдай, 1965, КСРО