Фильм Ресейде аса таныла қоймаса да, американдық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ол тіпті хитке айналып, 3,5 млн. доллар қаржы жинады (әлемдік кассасы 7 млн. долларға дейін жетті, сыншылардың пікірінше орыс фильмі үшін бұл теңдессіз көрсеткіш, оның үстіне арт-хаус жанрындағы фильм үшін).
Ресей, 2002
Режиссерлер басты рөлдегі актрисаны ұзақ іздеген. Бұл рөлге әу баста 30 жастағы кәсіби актрисаны алмақ болыпты. Бірақ оқиға желісі бойынша Жібек одан әлдеқайда жас болуы тиіс еді. Соңында Жібектің рөлін Алматыдағы №66 мектептің 10-шы сынып оқушысы Меруерт Өтекешева сомдады.
ҚазССР, 1972
«Жаужүрек мың бала» фильмінде соғыс сахнасы бойынша Қытайдың атақты кинематографисі Теди Чен кеңесші болған.
Қазақстан, 2011
«Қазбат» фильмі шынайы оқиға желісімен түсірілген. Тарихи оқиға негізінде таспаланған картина Қазақстан Республикасы тәжік қақтығысында бітімгершілік миссиясына қатысқан 1995 жылдың көктемінде болған оқиғалар туралы баяндайды. 7 сәуір күні Пшихавр шатқалында Қазақстанның ішкі әскерлерінің жетінші жиынтық ротасы тосқауылға тап болып, шектес жағынан содырлармен тең емес соғысты қабылдады. Сол ұрыста 17 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алған.
Қазақстан, 2019
«Жаужүрек мың бала» фильміне түскен актерлер екі ай бойы шеберлігін шыңдаған. Олар атпен шабуды, садақ атуды жақсы меңгеру үшін аянбай еңбек етті. Актерлер «Номад» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновтен дәріс алған.
Қазақстан, 2011
«Көксерек» фильміне түсіру үшін хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.
КСРО, 1974
«Тақиялы періште» киносында Тайлақтың сүйіктісін сомдаған Шолпан Алтайбаеваның (Айша) актерлік білімі болмаған. Ол бүгінге дейін француз тілінің маманы, аудармашы болып жұмыс істейді;
КСРО, 1969
«Тақиялы періште» киносына түске атақты актриса Әмина Өмірзақова шынайы өмірде де келіндерін өзі таңдады. Ол Айменді сомдаған Райхан Шанинаны ұлымен таныстырғысы келген;
КСРО, 1969