29.12.2024 күнгі шығарылым
Отандық кинофестивальдердің ұлттық киноиндустрияны дамытуға қосар үлесі көп. Ол жаңа есімдерді елге таныстырып, мәдени байланыс орнатады, қазақстандық киноның халықаралық аренадаға шығуына ықпал етеді.
Фестивальдердегі оқиғалар қазіргі заманауи қазақстандық киноматография туралы не дейді?
Әуелі, кино ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді. Ол қоғамның айнасы ғана емес, оны қалыптастыруға күш салады, талқылайтын тақырыптырды алға тартады және өзгерістерге жол ашады.
2024 жылғы табыстар – қазақ киносының өз сүрлеуі бар екенін көрсетті және кедергілерді еңсеруге және өзін бүкіл әлемге танытуға дайын екендігін аңғартты.