26.10.2025 күнгі шыгарылым

«Бітім» — алғашқы қазақ-испан фильмі. Туынды Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында КарЛАГ-та тұтқын болған испандықтардың тағдырын бейнелейді. Фильм 10 қазан күні Испанияда алғаш рет көрсетілсе, елімізде 30 қазанда прокатқа шығады. Жоба жайлы тағы қандай тың ақпарат белгілі? Мамандар не дейді? Әлемдік тұсаукесер қандай мүмкіндік алып келеді? Эксклюзив сұхбатты тамашалаңыз!