«Біздің сүйікті дәрігер»

Алматылық киностудияда түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық фильмінің тұсаукесері 1958 жылы 12-ші маусымда Мәскеуде дүркіреп өтті. Сценарий бойынша басты кейіпкер дәрігердің тегі әу баста Әлімжанов болған. Алайда картина режиссері Шәкен Айманов «алпысты алқымдаған қазақ азаматы отбасынсыз жалғыз қалуы мүмкін емес» деген ұйғарымға келеді. Осылайша, соғыста туыстарын жоғалтқан Лавров тегі пайда болады.