11.05.2025 кунгі шыгарылым
Бұл жолы «Киногер» бағдарламасының кезекті шығарылымында сәуір айындағы маңызды оқиғалар мен деректі киноға ерекше назар аударамыз.
ҚР Президентінің телерадиокешені «Жаңғырық» атты фильм түсірді. Бұл – елімізде вертикалды форматта түсірілген екінші деректі фильм. Ол не туралы? Тұсаукесері қашан? Киногерде айтамыз.
Сәуірде прокатқа көптен күткен «90+1» отандық фильмі жарыққа шықты. Бұл футбол тақырыбына арналған еліміздегі алғашқы туынды. Көрермен фильмді қалай қабылдады? Бағдарламадан біліңіз.
«Дана. Әлем азаматы». Астанада әлемдегі мыңдаған әйелдің тағдырына ықпал еткен отандастымыз туралы деректі филдьмнің тұсауы кесілді.
Сондай-ақ, Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен «Батыл бол» деген атаумен деректі фильм түсіріліп жатыр.
Жалпы кино саласында қандай өзгерістер бар? Көпті қуантқан қандай жаңалық? Киногерде!