09.02.2025 кунгі шыгарылым
Телехикаяның түсіру процесі – әр сәті маңызды рөл атқаратын күрделі әрі көпқырлы жұмыс. Эксклюзивті репортажда біз шынайы оқиғаға құрылған отандық «Juz on bir» телехикаясының түсіру алаңына барып, алғашқы жаттығудан бастап соңғы монтажға дейінгі үдерістен тұратын кино түсіру өндірісін көріп қайттық. Продюсерлер, режиссерлер мен актерлер рөл қалай берілетінін айтып, қандай технологиялар қолданылатынын жеткізді және жас кинематографистерді қолдаудың қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.
Қазақстанда аталмыш индустрия дамыған сайын түсіру жұмысына жаңа көзқарас қалыптасып, тіпті бір жобаға бірнеше режиссерлер жұмылдырылатын болған. Сонымен қатар, маркетинг кез-келген сериалдың жетістігінің ажырамас бөлігіне айналды. Тіпті ең жоғары сапалы контенттің өзі сауатты насихатты қажет етеді. Отандық телевизия қалай дамып келеді және біздің сериалдар әлемдік сериалдармен бәсекеге түсе ала ма?