12.07.2026 күнгі шыгарылым
Бұл жаз қазақ киносына ерекше жаңалықтар алып келді. Бүгін жаңа кинолар, халықаралық жобалар және түрлі фестивальдер туралы айтамыз.
Қазақстанда деректі киноға деген қызығушылық артып келеді. Еліміздің әр өңірінде Президент Телерадиокешені түсірген деректі фильмдердің тегін көрсетілімдері ұйымдастырылуда.
Қазақстандық кино әлемдік деңгейде тағы бір мәрте мойындалды. Режиссер Думан Еркімбектің «Қайтадан» фильмі ІV Бішкек халықаралық кинофестивалінде «Орталық Азия фильмдері» байқауы аясында Гран-при жүлдесіне ие болды.

